«Қазақ газеттері»
Еліміздегі ең ірі және беделді медиа құрылымдардың бірі. Серіктестік құрамында қоғамдық-саяси, әдеби-мәдени, балалар мен жастарға арналған, ғылыми-танымдық бағыттағы жетекші басылымдар бар.
Біздің миссия
Мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді жүргізу, қоғамдық сананы жаңғырту және ұлттық құндылықтарды насихаттау. Біз әрбір оқырманға сапалы, шынайы және өзекті ақпарат жеткізуді мақсат тұтамыз.
Біздің Басылымдар
Серіктестік құрамындағы газеттер мен журналдар
Егемен Қазақстан
Еліміздің басты қоғамдық-саяси газеті. Ресми ақпарат, мемлекеттік саясат және ел өміріндегі маңызды оқиғаларды жариялайды.
Казахстанская правда
Орыс тіліндегі мемлекеттік ресми басылым. Елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңалықтарды қамтиды.
Ана тілі
Ұлттық рух пен мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге арналған басылым. Тіл саясаты және ұлттық құндылықтар.
Ақиқат
Қоғамдық-саяси, ғылыми-танымдық, сараптамалық журнал. Терең талдаулар мен ғылыми зерттеулер алаңы.
Мысль
Қоғамдық ой-пікір мен ғылыми-философиялық мазмұндағы үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) шығатын журнал.
Уйғур авази
Еліміздегі ұйғыр ұлтының қоғамдық, мәдени тыныс-тіршілігін насихаттайтын ұлттық газет. Этносаралық келісім жаршысы.
Ұлан
Жасөспірімдерге арналған апталық газет. Жастардың тыныс-тіршілігі, білім және тәрбие тақырыптары.
Дружные ребята
Орыс тілінде шығатын балаларға арналған танымдық газет. Балалар әлеміне саяхат.
Балдырған
Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына арналған балалар журналы. Ертегілер, тақпақтар және ойындар.
Ақ желкен
Жасөспірімдер мен жастарға арналған танымдық, әдеби-көркем журнал. Жаңа буынның шығармашылық алаңы.